Жамбыл облысында тасжолда 300-ге жуық көлік тұрып қалды

Өңірде боранды жел, көктайғақ салдарынан жол қозғалысы қиындаған
Sputnik
АСТАНА, 28 ақпан— Sputnik. Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қордай ауданында Алматы-Ташкент-Термез тасжолының бойында 300-ге жуық көлік тұрып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңірде боранды жел, көктайғақ салдарынан жол қозғалысы қиындаған.
"Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін аталған тасжолдарға Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы патрульдік экипаждардың көлік колонналарын екі бағыт бойынша да ілесіп сүйемелдеп алып жүруін ұйымдастыруда", - делінген полиция хабарламасында.