Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Қар көшкіні қаупі, бұрқасын және жолдың көрінбеуі салдарынан екі облыста жол жабылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
"28 ақпан сағат 16.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді", - деп жазылған хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" және Берел ауылы мен Рахман қайнарының аралығындағы жалпы ұзындығы 20 км 1 автожол жабылды, өйткені қар көшкіні қаупі бар.
Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 79 км болатын 1 автожол автокөліктің барлық түрі үшін жабылды. Боранның салдарынан жол көрінбей тұр.
"Жамбыл облысында "Алматы-Ташкент-Термез" және Кенен ауылы мен Қайнар ауылдарның арасындағы жол жабық. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады", - дейді ведомство.
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 743 бірлік техника және 1643 адам жұмылдырылды.