Түркістандағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршінді ұрды

Әлеуметтік желіде баланы аспаз ұрды деген ақпарат тарап жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 ақпан - Sputnik. Түркістан қаласында тәрбиеші бүлдіршінді ұрған, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшаның бірінде болды. Бүлдіршін балабақшаға келіп жүргеніне санаулы күндер ғана болған. Әлеуметтік желіде баланы аспаз ұрды деген ақпарат тарап жатыр.
"Бүлдіршінді ұрған аспаз емес, тәрбиеші. Бұл жағдай бойынша құзырлы органдар айналысып жатыр. Қазіргі таңда тәрбиеші өз өтінішімен жұмыстан босатылды", - дейді ведомство.
Жақында балабақшада болған тағы бір жағдай жұртшылықтың жағасын ұстатты. Оқиға Алматы қаласында болған.