АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырында өрт шықты, деп хабарлайәды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство мәліметінше, сол жерде төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 58 адамы және 16 техникасы жұмыс істеуде.
Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 400 шаршы метрі құраған. Қазіргі уақытта құтқарушылар өртті толықтай сөндірді.
Зардап шеккендер мен көз жұмғандар тіркелген жоқ.