Павлодар облысында 15 жыл бұрын адам өлтірген қылмыскер ұсталды

Күдікті Астанада ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу қайта жалғасып жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 ақпан - Sputnik. 15 жыл бұрын әйел адамды өлтіріп, іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2009 жылы Павлодар полициясына әйелін іздеген ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған әйелдің мәйіті бір жылдан кейін көлден табылған.
"Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады", - дейді ведомство.
Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті.
"Күдікті әйелмен жанжалдасып, оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, сосын әйелдің денесін суға батырған. Негізі ол ауыр қылмыс жасағаны үшін ұзақ уақыт бойы бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған", - дейді деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Күдікті Астанада ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу қайта жалғасып жатыр.