АСТАНА, 26 ақпан - Sputnik. Маңғыстау облысында фастфудтан уланғандардың саны 36 адамға жетті.
Бейнеу ауылындағы қоғамдық тамақтану орнына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Lada.kz.
28 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Сегіз адам дәрігердің тексерісінен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.
Уланған 36 адамның барлығы "Әли-Ман" деп аталатын қоғамдық тамақтану орнында тамаққа тапсырыс берген.
22 ақпаннан бастап мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды.