Енді лицейлер мен гимназияларға қабылданатын 1-сынып оқушылары емтихан тапсырмайды

Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан — Sputnik. Алдағы оқу жылынан бастап лицейлер мен гимназияларға қабылданатын 1-сынып оқушылары емтихан тапсырмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды.
"Балардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға 1-сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді", - деді Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Оның айтуынша, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан барлық баланы мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды, бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндік береді.
"Екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалды жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, конкурстық іріктеу нәтижелерін күтетін ата-аналардың наразылығы азаяды. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды", - дейді комитет төрағасы.
Қаныбек Жұмашев бұл өзгерістер алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа қабылданған кезде енгізілетінін атап өтті.