Өңірлер

Ақмола облысында әкімдік шенеуніктері үш жыл бойы заңсыз жалақы алып келген

Жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр
Sputnik
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Ақмола облысында негізсіз жалақы алып келгені үшін ауылдық округ әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталды.
Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы тұрғысынан тексеріс жүргізген.
"Оның нәтижелері бойынша Қараөткел ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары үш жылдан астам уақыт бойы жалпы сомасы 15 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз алып келгені анықталды", - деп хабарлайды Ақмола облыстық прокуратурасы.
Бұл факті бойынша Қараөткел ауылдық округінің шенеуніктеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлікті тәркілеп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Солтүстік Қазақстанда шенеуніктер құжатсыз 1,7 млрд теңгеге балабақша салмақ болған