ҰҚШҰ Армениясыз құлап қалмайды – Лукашенко

Бұған дейін Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын айтқан болатын
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтату туралы мәлімдемеге Беларусь президенті Александр Лукашенко түсініктеме берді.

"Олар ҰҚШҰ құрамында болғысы келмейді. ҰҚШҰ, әрине, құламайды. Ең бастысы, біз Арменияның ҰҚШҰ-дан шығатыны туралы ешқандай ресми мәлімдеме алған жоқпыз", - деді Лукашенко.

Еске сала кетейік, бұған дейін Армения премьер-министрі Николь Пашинян БАҚ-қа берген сұхбатында "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Арменияға қатысты, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмағанын" және Ереван ұйымға қатысуын тоқтатты. Сонымен бірге Гюмриде Ресейдің әскери базасын сақтау мәселесі күн тәртібінде жоқ, деді Пашинян.