Тоқаев Кувейт әмірін құттықтады

Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Президент Кувейт мемлекетінің әміріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах пен Кувейт халқын төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
"Бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен еліңіз болашақта өсіп-өркендеп, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Біз Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Берік достық пен өзара сенімге негізделген әріптестігіміз бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қарқынды дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Кувейт әмірінің аса жауапты қызметі мен барлық бастамаларына мол табыс, ал бауырлас Кувейт халқына құт-береке тіледі.