Қуат Хамитов ресейлік танымал ММА спортшысымен жекпе-жекке шығады

"Найман" әлеуметтік желіде алдағы жекпе-жек туралы айтты
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан - Sputnik. Қуат Хамитов ресейлік танымал ММА спортшысымен өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады.
Белгілі қазақстандық ММА шебері Қуат Хамитов атақты ресейлік спортшы Александр Шлеменкомен жекпе-жектің өтетінін растады, деп жазады Sports.kz.
Анонс боя Куат Хамитов - Александр Шлеменко
"Менің келесі жекпе-жегім 4 мамырда RCC турнирінде Александр Шлеменкоға қарсы болатынын растаймын", - деп жазды қазақстандық спортшы әлеуметтік желілерде.
Бұл туралы бұған дейін RCС лигасының басшысы Николай Клименко MMA.Metaratings.ru-ға берген сұхбатында айтқан болатын.