Қазақстанда бір айда 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді

Оның 100-ден астамының магнитудасы - 5,5
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 ақпан - Sputnik. Қазақстанда бір айда 8000-нан астам рет жер сілкінді, деп хабарлайды сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.
Алматыда 24 ақпанда сағат 10:15-те 3 балдық жер сілкінісі болды.
"Біздің сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы соңғы бір айда 8 мыңнан астам жер сілкінісін тіркеді. Оның 100-ден астамының магнитудасы - 5,5", - деді сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев.
Алматыда тағы жер сілкінді