АСТАНА, 25 ақпан – Sputnik. Өскемен автовокзалы біртіндеп жанданып жатыр. Алматы мен Катонқарағайдан тұрақты автобус қатынасын жолға қою жоспарланған, деп хабарлайды 24kz телеарнасы.
Пандемия кезінде бағыттар жабылып, кадрлар азайып кеткен. Автобекеттегі тірлік енді ғана қалыпқа келе бастады. Қатынас жанданды. Мәселен, екі жыл бойы қалааралық автобус жүрмеген Шемонайха ауданымен байланыс қайта орнады.
Бір айда 100-ге жуық жолаушы автобуспен қатынаған. Тасымалдаушылар шығынға батса да тырысып жүр. Өйткені Өскемен-Шемонайха – әлеуметтік маңызы жоғары бағыт. Ал билет бағасы 2 мың теңгеден аспайды. Кеткен шығынның бір бөлігі облыстық бюджеттен субсидияланады.
Тасымалдаушылар күніне екі рейс жасай отырып, шығындармен жұмыс істеуге мәжбүр. Бірақ бағыт әлеуметтік маңызды, сондықтан шығындардың бір бөлігі қазір субсидиялармен толықтырылады.
"Жолаушылар тасымалын дамыту үшін алдымен заңсыз тасымалмен айналысатындарды тоқтату керек деп ойлаймын. Әйтпесе жолаушылар легін көбейту қиынға соғады", - дейді Өскемен автовокзалының директоры Алмас Бейсенғазин.
Сонымен қатар олар ешкімге бағынбайды, салық төлемейді және жолаушылардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды, дейді сарапшылар.
Демеу қаржы саладағы кадр тапшылығы мен жалақы мәселесін де шешеді. Биыл облыс ішіндегі қоғамдық көлік қатынасын қолдау үшін жалпы 350 миллион теңге жұмсалды. Енді тұрғындар туристік өңір Қатонқарағайға автобуспен бара алады. Зайсанға да рейс жиіледі.