Беларусьте парламент және жергілікті кеңес депутаттарының сайлауы өтіп жатыр

Мерзімінен бұрын дауыс беру үшін 20 ақпаннан бастап учаскелер ашылған болатын
Sputnik
АСТАНА, 25 ақпан — Sputnik. Беларусьта парламент пен жергілікті кеңес депутаттарыныңсайлауынабірыңғай дауыс беру күні өтіп жатыр. Сайлаушылар ұлттық жиналыстың өкілдер палатасының 110 депутатын және жергілікті деңгейдегі 12 мыңнан астам депутатты таңдауы керек, деп жазады Sputnik Беларусь.
20 ақпаннан бастап сайлау учаскелері мерзімінен бұрын дауыс беруге ашық. ОСК мәліметтері бойынша, алғашқы екі күнде учаскелерге 1 миллионнан астам азамат келген, яғни сайлушылардың 14,6%-ы дауыс берген. Ал 5 күн ішінде депутаттарды сайлауға азаматтардың 41,71%-ы келген.
Мерзімінен бұрын дауыс беруде республика жастары белсенділік танытты, деп атап өтті ОСК.
Халықаралық бақылаушылар ретінде 240 адам аккредиттеуден өтті. Сайлауда ЕО елдерінен — Германия, Польша, Литва, Италия және Швециядан 23 тәуелсіз бақылаушы болады.
Бұл ретте ЕҚЫҰ өкілдері шақырылған жоқ.
Сайлау кодексіне сәйкес, Беларусьте мерзімінен бұрын дауыс беру бес күнге созылады, бұл уақытта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. Әлемнің бірқатар елдеріндегідей Беларусьте де тыныштық күні жоқ.