Жетісу облысында бопсалаушылар сотталды

Олар жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген
Sputnik
АЛМАТЫ, 24 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында қорқытып бопсалаумен айналысқандар сотталды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Жетісу облысында кәсіпкерлерден ақша қорқытып алумен айналысқан топ ұсталды.
"Алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Іс тергеліп, сотқа жіберілді", - дейді ведомство.
Кінәлілер ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Оралда студенттерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды