АСТАНА, 24 ақпан - Sputnik. Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) берудің жаңа ережесі күшіне енді.
24 ақпаннан бастап оны жеке өтінішпен ғана алуға болады.
Бұған дейін ЖСН үш тәсілмен берілген: сенім білдірілген адамдар арқылы; Қазақстан Республикасының елшілігінде; Қазақстанның тіркеуші органына өзі бару арқылы. Енді алғашқы екі элемент қолжетімді емес.
Түзетулерді Қазақстанның ішкі істер министрлігі әзірледі.
ЖСН жасау үшін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мемлекеттік корпорация арқылы ІІМ-ге жүгініп, бекітілген формада өтініш беруі керек.
ЖСН барлық мемлекеттік және қаржылық операция үшін өмір бойына бір-ақ рет беріледі. Онымен қазақстандық байланыс операторынан сим-картаны ресімдеуге, банктік немесе брокерлік шот ашуға, мемлекеттік органдарға өтінішті ресімдеуге болады.
Жаңа заң 2023 жылдың 23 желтоқсанында қабылданды. Ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң, жаңа ережелер күшіне енді.