АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Қарағанды облысының прокуратурасы оқушылардың мектепте негативті интернет сайттарға еркін кіргенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқушылар барлық сайтқа қол жеткізе отырып, әртүрлі сипаттағы деструктивті ақпарат алған.
"Мысалы, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған", - делінген прокуратура хабарламасында.
Балқаш қаласында балалар "ЧВК Редан" мүшесі болу үшін тестіден өткен, бұл ұйым агрессивті жастар тобы саналады және қоғамға қауіп төндіреді.
Заң бұзушылықтар облыстың барлық мектебінде анықталды.
Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды, оқушылардың негативті сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді.