Астанада медициналық хаб жұмысына екі жыл бойы кедергі келтірілген

Прокуратура органдарының көмегімен іс оңынан шешіліп, жоба жалғасын тапты
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Астанада шетелдік инвестордың жұмысына кедергі келтірілген, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Synosure компаниясы Катардың инвесторы "Еlegancia Healthcare W.L.L." бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын салуды жоспарлаған.
“Алайда, үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған. Прокуратура органдарының көмегімен іс оңынан шешіліп, жоба жалғасын тапты”, - дейді ведомство.
Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңге. Нәтижесінде 350 жаңа жұмыс орны ашылады.