АЛМАТЫ, 23 ақпан - Sputnik. Алматыдағы 51 бөбекжай-балабақшасында бірнеше бүлдіршін қатарласын аяусыз ұрып-соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Балабақшада болған жағдай туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тараған.
"51 бөбекжай-балабақшасында болған оқиға бойынша, тәрбиеші осы сәтте басқа бөлмеде болған. Ол балаларға түскі ас алып жатқан. Сондықтан балалардың мінез-құлқын бақылай алмаған”, - дейді қалалық білім бөлімі.
Балабақша әкімшілігі тәрбиешіге қатаң сөгіс берген. Ал бақылауды дұрыс жүргізбеген балабақша меңгерушісі де тәртіптік жазаға тартылды.