Алматыда жер сілкінді

ТЖМ халықты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуге шақырды
Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Алматыда бүгін таңертең екі балдық жер сілкінді, деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ.
Жер асты дүмпулерін ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тіркеді.
Эпицентрі Қытайдың аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 км жерде орналасқан.
Алматыда 2 балл деңгейінде сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Жағдай тұрақты, деп хабарлайды ведомство.
ТЖМ халықты тыныштықты сақтап, дүрбелеңге түспеуге шақырды.
Бүгінде барлық өңірлерде, соның ішінде Алматыда ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтіп жатыр.
Еске сала кетейік, 23 қаңтарға қараған түні Алматыда 5 балдық жер сілкінді. Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер дүмпуі Қазақстанның оңтүстік мегаполисі және басқа қалаларында дүрбелең тудырды.
Оқиғаның фото және бейнежазбалары әлеуметтік желіде толассыз таралып жатты.
Осыдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес өткізіп, жер сілкінісі кезінде Алматыдағы құзыретті органдардың дайын болмағанын айтты.
Уәкілетті органдар халық арасында кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіс. Білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдарда тұрақты жаттығулар өткізу қажет, деді сол кезде президент.