Абай облысында шекара белдеуіндегі жер тілемдері заңсыз берілген

Sputnik
АСТАНА, 23 ақпан - Sputnik. Абай облысы Үржар ауданында жер телімдері заңсыз үлестірілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Жер тілемдері дәл шекара белдеуінде орналасқан. Заңсыздықты Үржар ауданнының прокуратурасы анықтаған.
“Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінен мал шаруашылығын жүргізу үшін заңсыз 11 мың га жер берілген”, - деп жазды ведомство.
Бүгінгі күні 9,2 млн. теңгеге 7,8 мың га астам жер мемлекетке қайтарылған, қалғандары бойынша сотқа талап-арыз берілді.