АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Президент Владимир Зеленский шетелдіктерге Украина Ұлттық гвардиясында қызмет етуге рұқсат берді.
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Украина Ұлттық гвардиясында әскери қызмет өткеруі туралы ереже бекітілсін", - делінген Зеленскийдің сайтында жарияланған жарлық мәтінінде.
Бұған дейін Associated Press агенттігі Украинаға посткеңестік және ағылшын тілді елдерден жалдамалылардың алғашқы легі келгенін, ал 2023 жылы Киев Украина қарулы күштері қатарына ақша үшін келген латынамерикалықтарды жұмысқа ала бастағанын хабарлаған.
Ресей Қорғаныс министрлігі Киев режимі шетелдік жалдамалыларды "оқ жемі" ретінде пайдаланып жатқанын және ресейлік әскерилер оларды Украинаның бүкіл аумағында жоюды жалғастыратынын бірнеше рет мәлімдеді.