Минус 55: Семей орманында соңғы жиырма жылдағы ең төмен температура тіркелді

Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. "Семей орманы" мемлекеттік резерватында соңғы 20 жылдағы ең төмен температура тіркелді.
Ақпанның 20-нан 21-не қараған түні Батпаев орман шаруашылығында термометр бағаны -55℃ дейін түскен.
Резерваттың ғылыми қызметкері Айнұр Баймадиеваның хабарлауынша, мұндай төменгі температура орман аумағында бұрын соңды тіркелмеген. Тек 2018 жылы 26 қаңтарда минус 50-ге дейін төмендегені туралы жазбалар бар
Тау-Дала филиалындағы Үлкен Бөкен орманшылығында термометр бағаны минус 53 градусқа дейін түскен.
Шығыс Қазақстанда қатты аяз
Резерваттың аумағындағы ең төменгі температура орташа алғанда 31 градустан 50 градусқа дейінгі аралықта болған.
Семей орманы қалай өртенді – үш нұсқа қаралып жатыр