3,5 миллион қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген

Жеңілдікті санат деп аталатын топқа 200 мыңға жуық адам кіреді
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. 3,5 миллион қазақстандық міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде тіркелмеген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма басшысы Әбілқайыр Сқақов Sputnik Қазақстан тілшісіне қор тіркелмеген азаматтардың санын қалай азайтуды жоспарлап отырғанын айтып берді.
Сқақовтың айтуынша, табыс табуға мүмкіндігі жоқ немесе тұрақты табысы жоқ адамдардың дағдарыстық деңгейі бар.
"Жеңілдікті санат деп аталатын топқа 200 мыңға жуық адам кіреді. Денсаулық сақтау министрлігі олар үшін жергілікті атқарушы органдар есебінен төлем қабылдауды жоспарлап отыр. Қазір бұл мәселе пысықталып жатыр", - деді ол.
Жеңілдікті санатқа енгендер үшін әкімдіктер жарна аударады.
2023 жылдың төртінші тоқсанында 289 мың қазақстандық медициналық сақтандыру жүйесіне енді.
Тоқаев медициналық сақтандыру жүйесін сынға алды