100 млн теңге жымқырған: "Алакөлжылудың" бұрынғы басшысы сотталды

Ол көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқырған
Sputnik
АСТАНА, 22 ақпан – Sputnik. Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Ол көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған.
Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жемқорлық жайында хабарлаған азаматтар қалай қорғалады