Теміржол қызметі бір жылда 10,7 процентке қымбаттады

Өңірлер арасында баға ең көп Маңғыстау облысында өсті – мұнда баға 33 процентке көтерілген
Sputnik
АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Биыл қаңтарда теміржол көлігімен 1,8 млн жолаушы тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,6% артық, деп хабарлады Energyprom.kz.
Биыл қаңтарда теміржол көлігімен 31,8 млн тонна жүк пен багаж тасымалданды, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,5% аз.
"2024 жылдың қаңтарының соңында теміржол көлігі қызметі бір жылда 10,7% қымбаттады. Оның ішінде қала маңындағы пойызбен қатынау 11,5%, республикаішілік пойыздың купе вагонында жүру — 8,8%, республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында жүру — 11,8% қымбаттады", - деп жазылған хабарламада.
Өңірлер арасында баға Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті: 33%. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (24,9%) және Алматы (24%). Бағаның ең аз жылдық өсімі Жетісу облысында байқалды: 0,3%. Шымкентте және Атырау облысында баға төмендеді — тиісінше 1,7% және 2,3%.
Қала маңы пойызбен жүру ең көп Ақмола облысында қымбаттады: 53,5%. Республикаішілік пойыздың купе вагонында жол жүру бағасы ең көп Маңғыстау облысында (45,9%), республикаішілік пойыздың плацкарт вагонында жүру ең көп Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай (42%) қымбаттады.
Былтыр қаңтар–желтоқсанда жүк темiр жол көлiгi саласында негiзгi капиталға салынған инвестиция 239,2 млрд теңгеге жетiп, ақшалай 2,4 есе өскен. Қаражаттың негізгі бөлігі Астанаға түсті: 78,6% немесе 188 млрд теңге. Одан кейін Ақмола облысы – 19,8%. Қалған қаражат сегіз өңірге тиесілі және олардың көлемі аз.