АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. 21 ақпан күні таңертең ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар 36 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
21 ақпанда көлік қозғалысын шектеу картасы
© Photo : Пресс-служба АО "КазАвтоЖол"
Абай облысы
Жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол (температураның төмендеуі).
Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).
Ақмола облысы
Жалпы ұзындығы 118 км 3 автожол (Павлодар және Қарағанды облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты).
"Астана-Ерейментау-Шідерті" - Ерейментау қаласы-Павлодар облысы;
"Екатеринбург-Алматы" - ПВП Жібек жолы-Қарағанды облысы қаласы;
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" - Қарағанды облысы Қабанбай батыр ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Шығыс Қазақстан облысы
Жалпы ұзындығы 1238 км 7 учаске (температураның төмендеуі).
Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнары - Берел-Рахман қайнары ауылы (барлық көлік түрі үшін).
Жетісу облысы
2 учаске, жалпы ұзындығы158 км (Абай облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
"Алматы-Өскемен" - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (қоғамдық және жүк көліктері үшін);
"Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін).
Қарағанды облысы
5 учаске, жалпы ұзындығы 1397 км (ауа температурасының төмендеуі, аяз күшейді).
"Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" - Қарағанды қ-Абай обл. шек;
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" - Ақмола обл. шек. - Теміртау қ.
"Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды қ -Павлодар обл. шек., Ұлытау обл. шек. – Топар ауылы
"Екатеринбург-Алматы" - Ақмола обл. шек. - Теміртау ААП, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, ААП Теміртау-Қарағанды қ, Новостройка ауылы Балқаш қ;
"Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" - Павлодар обл. шек. Ботақара а. (қоғамдық көлік және дизель көліктері үшін)
Қостанай облысы
1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
"Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін).
Павлодар облысы
1 учаске, жалпы ұзындығы 1624 км 9 автожол (температураның төмендеуі).
Облыс бойынша барлық бағытта (қоғамдық және жүк көліктері үшін).
Ұлытау облысы
2 учаске, жалпы ұзындығы 543 шақырым (Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі, аяз).
"Жезқазған-Петропавл" - Қостанай обл.- шек Ұлытау а. (барлық көлік түрі үшін) , Жезді ауылы - Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизель көліктері үшін);
"Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл шек - Жезқазған қ. (қоғамдық көлік және дизель көліктері үшін).
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 222 бірлік техника және 276 жолшы жұмылдырылды.