АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Хакер Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық жүйесін бұзды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауды деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.
Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сотталушы елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары саналатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені тергеукезінде анықталды.
Ол заңсыз алған Қазақстан азаматтарының жеке деректерін ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беруді көздегені толық дәлелденді.