Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Канада Украинаға 800-ден астам ұшқышсыз ұшатын аппарат жібермек

Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Канада Украинаға жалпы құны 95 миллион доллардан асатын 800-ден астам көп мақсатты SkyRanger R70 ұшқышсыз ұшу аппараттарын жібереді, деп мәлімдеді елдің қорғаныс министрі Билл Блэр.
"Канада Украинаға құны 95 миллион доллардан асатын 800-ден астам SkyRanger R70 көп мақсатты ұшқышсыз авиация жүйесін жіберетінін жариялаймын", - деді Блэр журналистерге. Оның мәлімдемесін жетекші республикалық телеарналар көрсетті.
Ол бұл ұшқышсыз ұшақтар "Украинаға Ресейге қарсы күресте көмектесуге" арналғанын айтты, деп жазды РИА Новости.
Канадалық ұшқышсыз ұшатын аппараттар алдағы көктемде жеткізіле бастайды деп болжанып отыр.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдаған болатын. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін айтты. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында кадр даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.