Бектенов көктемгі су тасқыны жайлы: дайындық қағаз жүзінде ғана қалады

Үкімет басшысы төтенше жағдайлар министрлігіне "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу форматын қайта қарауды тапсырды
Sputnik
АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктердің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығына күмән келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бектенов өңір әкімдері мен ТЖ министрлігіне су тасқыны мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды.
"Министрлік жыл сайын "Көктем" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында су тасқыны кезеңіне әзірлік барысын тексереді. Барлық өңір су тасқынына толық дайынбыз деп баяндайды. Ал сайып келгенде тұрғындар және су басқан ғимараттар мен инфрақұрылым зардап шегеді. Яғни, бұл оқу-жаттығулар формалды түрде өткізілетінін, ал дайындық қағаз жүзінде ғана қалатынын көрсетеді", - дейді премьер үкімет отырысында.
Оның пікірінше, үкімет пәрменді шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ол төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуды өткізу форматын қайта қарау туралы тапсырма берді. Ал өңір әкімдіктері су тасқынының барлық себебін зерделеп, оларға сапалы дайындықты қамтамасыз етуге тиіс.
Бектенов ТЖ министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, арнайы және инженерлік техниканы шоғырландыру, бизнеспен олардың техникасын резерв ретінде пайдалану туралы келісімге келу, аса қауіпті учаскелердің маңында қажетті материалдар қорын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ көлік қатынасы үзіліп қалуы мүмкін елді мекендерді алдын ала айқындап, ондағы азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорын дайындау қажет.
Бұдан бөлек елдің шығыс, солтүстік және орталық өңірлеріндегі өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу керек.
"Гауһар Меңдешева деген тұрғын әкімдікке бірнеше рет келді. Сол ағаш құлаған жерін жасап, жөндеп бергенбіз. Бірақ сол кезде акт толтырылмаған. Бірақ ол кісі бүкіл үйдің шатырын ауыстырып бер деп отыр. Оған ауылдық әкімдікте қаражат та, толық шатырды ауыстыратын негіз де жоқ", дейді Ұзынағаш ауылының әкімдігі.