АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Украина Ресей активтерін сатып, түскен қаражатты елді қалпына келтіруге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Токиода өтіп жатқан Украинаның экономикалық өсімін ілгерілету және қалпына келтіру жөніндегі жапон-украин конференциясында Украинаның мемлекеттік мүлік қорының басшысы Виталий Коваль мәлімдеді.
Қазіргі уақытта Украинада санкцияға ұшыраған Ресейдің 691 активі бар, деп жазды РИА Новости.
"Біз санкцияға ұшыраған активтерді (Ресей Федерациясы – ред.) сатуды жоспарлап отырмыз, қазір бізде 691 актив бар", - деп атап өтті ол.
Коваль қандай активтер туралы айтылып отырғанын нақтыламады, алайда ол сөйлеп жатқан кезде жұрт назарына ұсынылған слайдта "Аэрок" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Демурин тау-кен байыту комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Мотордеталь-Конотоп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілді.