"ҚазМұнайГаз" комиссиясы Атырау мұнайын өңдеу зауытын тексеруді бастады

Sputnik
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК тарапынан құрылған арнайы комиссия Атырау мұнай өңдеу зауытында тексеру жұмысын бастады.
Арнайы комиссия құрамына енген мамандар әлеуметтік желіде жарияланған кәсіпорын туралы ақпаратты жан-жақты зерттейді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеевтің айтуынша, Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік, қаржы және құқықтық қызметіне толық тексеру жүргізілетін болады. Компания барлық туындаған мәселені зауыт қызметкерлерімен ашық талқылауға дайын.
"Бүгін кәсіпорында өндіріс мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында зауыттың жұмыс істеп тұрғаны және мұнай өнімдерін штаттық режимде жөнелтіп жатқаны атап өтілді. Компания тарапынан Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістегі қызметкерлері үшін тиісті жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Арнайы комиссия қалыптасқан жағдайды объективті түрде қарастырады", -деді Дмитрий Макеев.
Оның айтуынша, кәсіпорын ұжымының бүгінгі таңдағы басты талабы — үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және жөнелту қарқынын сақтап қалу екенін атап өтті.