АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда-саттығын қорытындылады.
Ведомстводағылар өткен жылы тауар айналымы өскенін хабарлады.
"Қытай, Ресей және Италия қазақстандық тауарлардың негізгі нарығы саналады. Қытай Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қытаймен тауар айналымы 31,5 млрд долларды, Ресеймен – 26 млрд долларды, Италиямен – 16,1 млрд долларды құрады.
Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның тауар айналымы 139,8 млрд долларға жетті.
Сонымен қатар Қазақстан Азия елдеріне (Қытай, +10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты арттырды.
Қазақстан экспорты тауар айналымының үлесі 56,3%-ды құрайды.
Экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген тауарлардың үлесі 32,1%-ды құрады.
Тауар нарықтарының саны да 131 елден 135 елге өсті.