Қатты аяз: 20 ақпанда ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. "Қазгидромет" 20 ақпандағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа-райы күтіледі.
Тек елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасынмен қар сақталады.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта-желдің күшеюі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында-тұман болады.
Жетісу облысында 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 45 градус қатты аяз сақталады.