Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский АҚШ-қа қатысты таңғаларлық мәлімдеме жасады

Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан– Sputnik. Егер көмек тоқтатылса, Киев АҚШ-пен стратегиялық серіктес болудан бас тартады, бірақ Вашингтон сатқындық жасамайды. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ вице-президенті Камала Харриспен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Біз Конгрестің оң шешіміне үлкен үміт артамыз, бұл пакет біз үшін өте маңызды. Қазір біз балама жолды қарастырмаймыз, өйткені біз АҚШ-қа стратегиялық серіктесіміз ретінде сенеміз, олар стратегиялық серіктес болып қала береді. Егер біз балама туралы айтатын болсақ, бұл оның стратегиялық серіктес емес екенін білдіреді", - деді ол.
Алайда, оның пікірінше, бұл жағдайда сатқындық туралы айтуғаболмайды, өйткені АҚШ Украинаны қолдаудытоқтатпайды.
"Мен стратегиялық серіктес мұндай позицияны ұстанады деп ойламаймын", - деді Зеленский.
Сейсенбі күні АҚШ Сенаты ұлттық қауіпсіздік мақсатында 95 миллиард доллар көлемінде қосымша қаржыландыру туралы заң жобасын мақұлдады, оның ішінде 60 миллиард доллар Украинаға көмекті қайта бастауға арналған. Құжат авторлары заң жобасынан АҚШ-тағы көші-қон дағдарысымен күресуге арналған реформа және шекара қауіпсіздігіне қаражат бөлу баптарын алып тастады.
Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон конгрессмендерді Киевті қолдау туралы заң жобасын қабылдауға мәжбүрлеу мүмкін еместігін айтты. Жұма, 16 ақпанда депутаттар осы мәселе бойынша дауыс берместен 28 ақпанға дейін демалысқа шықты.
Конгресс пен АҚШ әкімшілігінің Украина мен Израильге көмек көрсетудің жаңа пакетін келісу және шекара мәселесін шешу әрекеттері әзірге нәтиже бермеді. Бұған дейін Сенаттағы республикашылдар Украинаға, Израильге көмектесу және оңтүстік шекарадағы жағдайды реттеу үшін 118,3 миллиард доллар бөлетін ымыралы бюджет жобасына тосқауыл қойған.