Сегіз облыстағы республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыстағы республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
18 ақпан 15.00-дегі жағдай бойынша:
Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Омбы-Майқапшағай" — Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін)
Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)
1. "Алматы-Тау турбазасына кіреберіс" (жүк және қоғамдық көлік үшін);
2. "Алматы-Ташкент-Термез" -Жаңақұрлыс а.-Жамбыл обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік үшін);
Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, көрінуді шектеу)
1. "Омбы-Майқапшағай" — Абай обл. шек. — Зайсан қ.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" — Алматы обл. шек.-Қордай а. (жүк және қоғамдық көлік үшін); Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін). Қайнар а.-Түркістан обл. шек. (транзиттік жүк көліктері үшін)
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Үшарал-Достық" — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
1. "Жезқазған-Петропавл" -Ұлытау обл. шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)
Түркістан облысында 1 усаске, жалпы ұзындығы 61 км (қар, бұрқасын, жел, шектеулі көрініс)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" — Жамбыл обл. шек.- Машат к. (транзиттік жүк көліктері үшін)
Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көрінуді шектеу)
1. "Жезқазған-Петропавл" — Ұлытау кенті-Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін) Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 287 бірлік техника және 477 адам жұмылдырылды.