Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды

ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарды
Sputnik
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Қарағанды қаласында тұрғын үйдегі жылыту бу қазандығы жарылды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға түнгі сағат 03:30-да болды.
"Салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД қызметкерлері үйінді астынан ер адамды шығарып, медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Өртті жоюға ТЖД, Апаттар медицина орталығынан, полиция қызметінен 45 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға болған жерді тексеру нәтижесінде бір пәтерде тұрмыстық газ баллоны пайдаланылғаны анықталды.
Қарағанды облысындағы жарылыс: 12 отбасына баспана табу мәселесі қаралып жатыр