АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Абай облысында полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жоғалған шопанды аман-есен тапты, деп хабарлады Polisia.kz.
"14 ақпан күні сағат 07:00-де Абай ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен", - деп жазылған хабарламада.
Малшыны іздеуге аудандық полицияның, төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылды.
30-дан астам қызметкер 4 УАЗ, ЗИЛ-131 және 2 Нива-МАРШ көлігімен жоғалған малшыны іздеуге шықты.
"Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды", - деді жедел уәкіл Бектұрсын.
Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Іздеу топтарының бірі өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде шопанды тірі және жарақатсыз тапты.
Ер адам далада қатты дауылдың салдарынан бағытын өзгерткен. Ол зардап шеккен жоқ. Сол күні қойшыны дәрігерлер тексерген, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Мал да шаруа қожалығына шығынсыз қайтарылды.