Әлем

Трамп алаяқтық бабы бойынша кінәлі деп танылды

Ол 350 миллион доллардан астам айыппұл төлеуге міндеттелді
Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты алаяқтық үшін кінәлі деп тауып, оны 350 миллион доллардан астам айыппұл төлеуге міндеттеді.
Сот Трампқа үш жыл бойы "Нью-Йоркте тіркелген кез келген қаржы институтынан кредит алуға" рұқсат етілмейді деп шешті.
Бұған қоса, Трамп 350 миллион доллардан астам айыппұл төлеуі керек.
Сондай-ақ сот экс-президентке үш жыл бойы штат кәсіпорындарында басшылық қызмет атқаруға рұқсат етілмейді деген шешім шығарды.
АҚШ-тың бұрынғы президентінің адвокаты Алина Хабба сот шешімін "барып тұрған әділетсіздік" деп санап, саясаткердің командасы апелляциялық шағым түсіруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды CNN.
Экс-президенттің өзі бұл процесті бірнеше рет "адамның соңына шам алып түсу" деп атады және істі жүргізіп жатқан судья Артур Энгорон мен Нью-Йорк штатының бас прокуроры Летиция Джеймсті көзқарасы біржақты деп айыптады.
Джеймс бұған дейін Трамптың он жыл ішінде өз активтерінің құнын 812 миллионнан 2,2 миллиард долларға дейін асыра көрсеткенін айтқан. Оның пайымдауынша, Трамп Майамидегі гольф курортын, Вашингтондағы қонақүйді және Чикагодағы қонақүйді салу үшін кредит алу мақсатында осындай алаяқтыққа барған.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп қайта сайланса, Украинаны келіссөз жүргізуге итермелейді – шетелдік БАҚ