Әлем

Ресей репатрианттар үшін қоныс аудару шарттарын жеңілдетті

Тиісті жарлыққа Ресей премьер-министрі қол қойды
Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Ресейге оралғысы келетін оралмандар үшін отандастарды өз еркімен қоныстандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттары жеңілдетілді, деп хабарлайды Ресей Федерациясы үкіметінің баспасөз қызметі.
"Шетелде тұратын отандастар үшін Ресейге өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесетін мемлекеттік бағдарламаға қосылу енді оңайырақ болады", - делінген хабарламада.
Шешім репатрианттар арасындағы мына азаматтарға қатысты:
шетелде тұрақты тұратын Ресей азаматтары;
бұрын Ресей азаматтығынан бас тартқандар;
РКФСР аумағында туған немесе тұрақты тұратын және бұрын КСРО азаматтығы болған адамдар;
РКФСР аумағында немесе Ресей империясына немесе КСРО-ға тиесілі аумақта туған немесе тұрақты тұратын туыстары бар азаматтар.
Енді олар орыс тілін қарым-қатынас үшін жеткілікті деңгейде білетінін растауға міндетті емес, деп түсіндірді үкіметтің баспасөз қызметі.
Тиісті жарлыққа Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойды. Құжат 1 қаңтардан бастап Ресейде репатриация институты енгізілетін президент жарлығын жүзеге асыру, оның ішінде Ресеймен тату емес елдерден келген отандастарды қолдау мақсатында дайындалды.