Оқиға

"Барахолкадағы" ірі өртті 100-ден астам адам сөндіріп жатыр

Қоймадан 25 литрлік газ баллоны шығарылды
Sputnik
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматылық өрт сөндірушілер сағат 12:28-де қоймалардағы өртті оқшаулап үлгерді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Барахолкадағы ірі өрт сенбі күні таңертең басталды. Жетісу ауданына қарасты Көкмайса-27 шағын ауданында төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары күшейтілген ранг бойынша жұмыс істеп жатыр.
Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 104 адам мен 29 апатты жою техникасы жұмылдырылған.
Барахолкадағы өрт
Жақын маңдағы әкімшілік ғимаратты қорғау және өрт сөндіру үшін өрт оқпандары орнатылды.
Барахолкадағы өрт
Сағат 11.30-да жанып жатқан қоймадан 25 литрлік газ баллоны шығарылды.
Барахолкадағы өрт
Өртті сөндіру жарылыс қаупі бар заттардың (газ баллондары, аэрозольдік газ баллондары, бояу және лак өнімдері) болуымен қиындап жатыр.
Үлкен өрттен шыққан түтін алыстан көрінеді (сурет ұшақ бортында түсірілген).
Оқиға
Алматыда "барахолка" өртеніп жатыр – видео