АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Алматы тұрғыны тиімді инвестиция жасаймыз деген уәдеге сеніп, алаяққа 83 миллион теңге (184 мың доллар) берген.
Жәбірленуші инвестиция салымын арттырамын деген бейтаныс әйелге қомақты сома берген, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әйел достарына жауапкершілігі шектеулі серіктестік атынан отандық ірі компанияға салым, яғни инвестиция арқылы қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарттар жасап жатқанын айтқан.
Бір қызығы, компания бұл жарналарды қажет етпеген, дейді полициядағылар.
"Қазір біздің бөлімшеге осындай алаяқтық фактісі бойынша тоғыз адам арызданды. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті делдал ретінде 10 миллионнан 20 миллион теңгеге дейін алдын ала төлем алған, жәбірленушілердің бірінен тіпті 83 миллион теңге алған. Күдікті ұсталды", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының басшысы Мақсат Қанапяев.
Ұсталған күдікті – Алматы облысының тұрғыны.
Алаяқтық жасады деген күдікті
© Photo : Polisia.kz
Барлық эпизод бір іс жүргізуге біріктіріліп, олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде қылмыстық іс қозғалды.
Тәртіп сақшылары алданғандар саны көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер тап осы алаяқтықтың құрбаны анықталса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуы қажет: 8-701-233-47-90; 8-747-700-00-72 және 8-778-677-67-65.