Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралды
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Жыл басынан бері 1 306 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 129,6 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысы Қытайдан, Өзбекстаннан, 4,4%-і – Ресейден, Түрікменстаннан және басқа елдерден келген.
"Еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 56,2%-ті, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,6% және зейнеткерлер 10,2% болды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың жоғары білімділері 15%, орта кәсіби білімділер 20,2% болса, 54,6%-і жалпы орта білімді және 10,2%-інің білімі жоқ", - дейді ведомство.
Олар еңбек күші тапшы облыстар: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанды.