Синоптиктер үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Ақтөбе, Астана және Алматыда ауа ластанады
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, 16 ақпанда еліміздің үш қаласында метеорологиялық жағдай қолайсыз болады.
"2024 жылдың 16 ақпанында Ақтөбе, Астана, Алматы қалаларында ауа ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсызболады", - деп жазылған хабарламада
Астана мен Ақтөбеде метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Қалаларда ауа жоғары деңгейде ластанады деп болжанып отыр.
Алматыда 16 ақпанда, 17 ақпанда түнде метеорологиялық жағдай ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді, ауа төмен деңгейде ластанады деп болжанды.
15-17 ақпанда 38 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер