Өңірлер

Екібастұз жылу электр станциясын жаңғырту кезінде 1 млрд теңге жымқырылған

Сотқа дейінгі тергеу басталды
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 1 миллиард теңге ұрланғаны анықталды.
"Павлодар облысының прокуратурасы "Екібастұз МАЭС-2" АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактісін анықтады", - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрап отыр.
Қылмыстық кодекстің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның аясында қылмыстың барлық мән-жайы, залалдың түпкілікті сомасы және оған қатысы бар адамдар тобы анықталады.
Ресей Қазақстанда салатын үш ЖЭО-ның болжамды құны жарияланды