АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 28 учаскесіне қолданылатын көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "Қазавтожол".
Абай облысында – 8 учаске;
Алматы облысында – 5 учаске;
Шығыс Қазақстан облысында – 6 учаске;
Жамбыл облысында – 1 учаске;
Жетісу облысында –5 учаске;
Қостанай облысында –1 учаске;
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске;
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 658 техника және 1429 адам жұмыс істеп жатыр.
Бұрқасын қардан автжолдар көрінбейді. Кейбір жолдарда автокөліктер тәулік бойы қар құрсауында қалған. Абай облысында 100-ден астам көлік қар құрсауында қалды.
Ал ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында жолаушыларға сапарға шықпауды ескертіп жатыр.