Атырау облысында 17 жастағы бозбала терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Күдікті бұған дейін осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін жазаланған
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. ҰҚК қызметкерлері прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен Атырау облысының 17 жастағы тұрғынын ұстады.
Айта кетері, 2023 жылы күдікті осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген.
Ведомство террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын еске салды.
Тінту кезінде одан тергеуге қажетті материалдар алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл бапта мүлкін тәркілеп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.