Өңірлер

Абай облысында жүзден астам автокөлік қар құрсауында қалды

Құтқарушылар жеті адамды эвакуациялады
Sputnik
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Абай облысы Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығынан жолдардың жабылуына байланысты көптеген автокөлік кептеліп қалды. Төтенше жағдай министрлігі көліктердің нақты санын атады: 100 жеңіл, 15 жүк көлігі және 1 автобус.
Қазір олар қалың қар мен жолдың көрінбеуінен қозғалысты жалғастыра алмай тұр.
Кептеліс орнына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді.
Қазіргі таңда құтқарушылар Көкпекті ауылына 7 адамды эвакуациялады. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Семей қаласынан қосымша жеке құрамның 25 адамы мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары техника жөнелтілді.
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін: құтқарушылар блок бекет қойды