Ұлыбританияның Жаратылыстану тарихы мұражайы өткен жылы әлемнің әр түкпірінде түсірілген жабайы табиғаттың үздік суреттерін таңдады. Үздік атанған 5 сурет 30 маусымға дейін Интернетте және Лондон мұражайында көрсетіледі.
Жылдың үздік бестігіне қазылар алқасы мен көрермендерді әсерлілігімен таңғалдырған Нима Сариханидің "Мұзды төсек" суреті "Көрермендер көзайымы" сыйлығына ие болды. Кадрда мұз айдынында тәтті ұйықтап жатқан ақ аю бейнеленген. Айсберг оның табиғи бесігіне айналды. Сүйкімді кадр жойылып бара жатқан полярлық мекендеу орындарына қоғамның назарын аударды.
Sputnik суреттер топтамасынан әлемнің түкпір-түкпіріндегі дарынды фотографтардың осы және басқа да керемет жұмыстарын тамашалаңыз.