АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қоры, "Қазақтелеком" және қатарлық Power International holding WLL арасында келісімге қол қойылды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының Telegram каналында хабарланды.
Холдинг "Қазақтелекомнан" "Мобайл Телеком-Сервис" (Теле2 және Алтел)компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр.
"Қазақтелеком" компаниялар тобына кіретін операторлардың бірі сатылатыны туралы ақпарат тарағанына біраз уақыт болды, бірақ бұл мәселе бойынша нақты шешім әлі жарияланған жоқ.
Осы жылдың 20 қаңтарында Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС-ын сату туралы шешім қабылданды, ал кеше Қатарда "Қазақтелеком", "Самұрық-Қазына" және Power International Holding қол қойылған келісім аясында "МТ-С" капиталындағы 100% үлесті сату бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл шарттары туралы келісім жасады.
Құжатқа сәйкес, PIH оператордың бизнес профилін және қызметкерлерін сақтап қалуға, компанияны қайта сатпауға немесе сенімгерлік басқаруға бермеуге міндеттенеді.
"Біз жуырда келіссөзжүргізуге кірістік, әрине, бүгінгі келісім тек Power International Holding-пен мәміле жасау туралы ниетімізді айқындайды. Болашақта сату және сатып алудың барлық шарты мен тәртібін талқылап, бекіту қажет болады, сондықтан нақты цифрлар мен мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.